|
«Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстанның еуропалық көшбасшы елдермен стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілуі.
2009 жылы 21-22 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция қазіргі Қазақстанның қоғамдық-саяси құрылысы саласындағы бүгінгі жетістіктері, демократияның дамуы және 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі арқылы Қазақстанның алдағы келешегімен халықаралық қауымдастық өкілдерін таныстыру мақсатын көздейді. Конференцияға Еуропарламенттен, Еурокомиссиядан, Парламентаралық Одақтан, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының, Еуропалық Кеңестің, НАТО-дан, ҰҚКШ-дан(Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңес Шартынан), ТМД парламентаралық ассамблеясынан, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтан делегациялар қатысады. Ресей, Болгария, Бельгия, Чехия, АҚШ, Ұлыбритания, Грекия, Литва, Франция, Түркия, Қытай, Австрия, Германия, Испания парламенттерінің өкілдері, сондай-ақ танымал саясаткерлер мен сарапшылар келеді деп күтілуде. |